Ғасырдан да ұзақ бес жыл. Президент Тоқаев қабылдаған маңызды шешімдер
Тоқаевтың атқарған жұмыстары туралы саясаттанушы Әзімбай Ғали:
“Тоқаев реформаларының жетістігі Қазақстанда ұлттық саяси реформа жасады. Бұл Қазақстанды еуропалық мемлекеттердің қатарына қоятын реформалалар нәтижесін берді. Сондықтан әкімшілік жүйенің құзіретінің төмендеуіне, Парламенттің және мәслихаттың Президент айтқан құзіретінің көтерілуіне, жеке адамға дербестік, құқық, еркіндік бергені. Тоқаев соны сезіп, жүзеге асырды. Қазақстанның экономикалық қарқынының жақсаруы – сол реформалардың әсері. Халықтың оң бағасын алған тағы бір шешім – жаңадан 4 облыстың құрылуы болды. «Оларды Абай, Ұлытау, Жетісу, Алатау деп аталуында ерекше мән бар» екенін Президенттің өзі айтты. Аталмыш реформа медициналық көмектің жылдам жетуіне, автожолдардың дұрысталуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болды”,-дейді саясаттанушы. Ендеше Тоқаевтың бес жылын таразыға салайық.
Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардың несиесін кешіру
26 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев несиесін төлей алмай жүрген тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың қарызын кешіру туралы жарлыққа қол қойды. Соның негізінде 500 мың адамның несиесі жойылды. Берешекті жабу үшін олардың әрқайсына 300 мыңнан бастап 3 миллион теңгеге дейінгі қаражат төленді.
Ал кепілсіз тұтыну қарыздары бар қалған қазақстандықтардың есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығарылды. Мұндай отандастарымыздың саны 5 миллионға жеткен еді. Үкімет 629 мың несие алушының өсімпұлдарын өтеу үшін республикалық бюджеттен 105 млрд теңге бөлді.
Жарлыққа сай, күнкөріс көлемі 27 мың теңгеге жетпейтін адамдарға несие беруге тыйым салынды. Мұндай шешім олардың одан әрі қарызға батпауы үшін қабылданды.
“Ұлттық қор: Балаларға” жобасы
Биыл 18 жасқа толған 775 бала қордан ақшасын шығару үшін өтініш берген. Оның жартысынан көбіне қаражат түсті. Яғни, 422 баланың шотына 100 доллардан аударылды.
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қаражаттарын білімге бағыттаған.
30 жыл өзгеріс өзгермеген заң 5 жылда түрленіп сала берді
Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар аса ауыр санатқа жатқызылды
Кәмелетке толмаған баланы зорлағаны және өлтіргені үшін қылмыскерлер енді өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Жаңа заңның мына нормалары үшін жауапкершілік қатаң:
балаларды зорлау;
кәмелетке толмағандарға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері;
жас балаларды арандату;
балалар мен жасөспірімдерді жыныстық қатынас жасауға тарту.
Бұл қылмыстар үшін 17-ден 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Кейінгісі жас баланы өлтіргендер үшін енгізілген.
Әйелін ұрғандар 8 жылға сотталуы мүмкін
Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау – 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.Осы әрекеттер қайталанса, мысалы:
1) екі немесе одан да көп адамға жасалса;
2) осы адамның қызметтік немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауына байланысты адамға немесе оның жақындарына;
адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы;
3) бірнеше рет;
4) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты – 1 жүзден 2 жүз АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 жүзден 2 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30-дан 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірілген, және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар болмауы үшін, азаматтардың жауапкершілігін күшейту. Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды.
Адам қағып өлтірген мас жүргізушілер өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады
Мас күйінде (соның ішінде есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде) көлік жүргізу туралы бап бойынша жаза қатаңдатылды. Жүргізуші мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде адамдардың денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтірсе, оған келесі жаза қолданылады:
3 000 АЕК дейін айыппұл салынады;
сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады;
қоғамдық жұмыстарға 1 200 сағатқа дейін тартылады;
3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады;
10 жылға жүргізуші куәлігі айырылады.
Егер мас жүргізуші адам қағып өлтірген болса, онда 10 жылға бас бостандығынан және жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал жол-көлік оқиғасында екі және одан да көп адам қаза тапқан болса, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады. Сондай-ақ, 7-ден 10 жылға дейін немесе өмір бойына түрмеге қамалады.
Қызметкердің жемқорлығы үшін басшысы отставкаға кетеді
Тоқаев елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне де алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанда жылына орта есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс тіркеледі екен. Бұл қоғамдық дерт деген Президент, "Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа" қатысты заңдарға өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Заңға сәйкес Орталық мемлекеттік органның басшысы (бұл министрлер, агенттіктердің төрағалары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары) өзінің орынбасары немесе өзіне тікелей бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған кезде отставкаға береді.
Жаңа рейстердің ашылуы
Республикада жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға мүмкіндік беретін «ашық аспан» саясаты одан әрі іске асырылып, әлемдік қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынастарын ашу жалғасады.
Атап айтқанда, Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылуда.
Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстерді ұлғайту жоспарлануда.
Бұдан басқа, Алматыдан Пәкістанға – Карачи мен Лахорға рейстер ашу, Алматы – Дели бағыты бойынша Үндістанға, Алматы – Чэнду бағыты бойынша Қытайға, Алматы – Лондон бағыты бойынша Ұлыбританияға, сондай-ақ Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға және Астанадан – Тбилиси мен Подгорицаға орындалатын рейстер санын арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды деп күтілуде.
Air Asia Х малайзиялық лоукост-әуекомпаниясы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Куала-Лумпурдан Алматыға, ал Thai Air Asia әуекомпаниясы Бангкоктан Алматыға ұшуды жоспарлап отыр.
Qeshm AIR әуекомпаниясы «ауа еркіндігінің» 5 дәрежесін пайдалана отырып, Алматы – Токио бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлауда.
Air Astana әуекомпаниясы орта мерзімді перспективада Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша Израильге аптасына екі рет тұрақты рейс орындау мәселесін пысықтауда.
Олигархтардың мүлкі тәркіленіп, елімізге 1,5 млрд доллар актив қайтты
Яғни бұдан былай кез келген заңсыз мүлік тәркіленіп, мемлекет меншігіне қайтарылады. Және салық жүйесіндегі жаңа заң бойынша кәсібі бар әр азамат декларация тапсыруы керек. Мүлікті жасырған жағдайда айыппұл салынып, тәркіленеді.
“Politico” сілтейді
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
09:55
Ұлытауда олигархтардан алынған ақшаларға мектеп...
12.12.2024
09:39
Қазақстанның тәуелсіздік алғаны
12.12.2024
09:27
Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды ...
12.12.2024
09:10
2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен т...
11.12.2024
21:21
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кет...
11.12.2024
20:19
Марқұм Нұрқанат туралы тың деректер шықты