«Атамды сағындым»: Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиеваның видеосы талқыланып жатыр
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде белсенді контент жариялай бастады, деп хабарлайды Politico.kz.
Лора Әлиева – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Ал Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы әрі марқұм Рахат Әлиевтің баласы.
TikTok-та жариялаған видеоларының бірінде Лора марқұм атасы Рахат Әлиевті сағынышпен еске алды. Ол жазбасында: «Атамды сағындым. Венаға барып келейін» деп жазып, Австрия астанасында түсірілген кадрларымен бөліскен. Бейнежазбадан Венадағы зираттардың бірінде орналасқан Рахат Әлиевтің қабірі де көрінеді.
Жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны жеке естелік пен сағыныштың көрінісі деп бағаласа, енді бірі танымал әулет өкілінің әлеуметтік желідегі белсенділігіне назар аударды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...