Атбасарда бостандыққа шығуына 20 күн қалған қазақстандық түрмеде көз жұмды

15.10.2026 • 08:36 Әсел МҰРАТ
Атбасарда бостандыққа шығуына 20 күн қалған қазақстандық түрмеде көз жұмды
281
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ержұман Арынбек есімді азамат бостандыққа шығуына шамамен 20 күн қалғанда жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол салғанына және колония әкімшілігінің әрекетіне күмән келтіріп, әлеуметтік желіде әділ тергеу жүргізуді талап етті.

Марқұмның қарындасы жариялаған бейнеүндеуде Ержұманның жаза мерзімі қазан айының соңында аяқталуы тиіс болғаны айтылады. Алайда 9 қазан күні оның суицид жасағаны туралы хабар түскен.

Олардың отбасы бостандыққа шығуына санаулы күндер қалғанда оның өз-өзіне қол жұмсауына сенбейді.

Қазіргі уақытта марқұмның отбасы істің ашық, әділ тергелуін және колония басшылығының жауапқа тартылуын сұрап отыр. 

Тілшіміз істің мән-жайын білу үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сұрау жолдады, әзірге ешқандай жауап жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий