Аты аңызға айналған Джеки Чан Алматыда жүр?

Әлеуметтік желілерде әлемге танымал актер Джеки Чанның Алматыда жүргені туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Кешеден бері әлеуметтік желілерде танымал актер Джеки Чанның Алматыға келгені туралы әңгіме тарап жатыр. Қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ, бірақ желіде оның Қазақстанға келгені туралы видеолар пайда болды.
Әңгіме неден басталды?
Бәрі 23 қыркүйек күні Алматы халықаралық әуежайында түсірілген фотодан басталды. Жазбада Джеки Чан мен Salem Entertainment атты қазақстандық медиакомпанияның командасымен бірге көзге түскені жайлы жазылады.
Желі қолданушылары бірнеше болжам жасап жатыр. Бірінші және ең көп тараған нұсқада актер Salem компаниясымен бірлесіп жаңа кино немесе басқа да ірі жоба түсіру үшін келген. Екінші болжамында жақында өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы футбол ойынына арнайы қонақ ретінде шақырылған.
Ресми ақпарат бар ма?
Қазіргі уақытта танымал актердің Алматыға келгені жайлы ешқандай ресми мекеме ақпарат берген жоқ. Salem Entertainment медиакомпаниясы да, футбол клубының өкілдері де бұл жағдайға қатысты әзірге үнсіз. Сондықтан, Джеки Чанның нақты не мақсатпен келгені белгісіз болып отыр. Оның бұл сапары жеке шаруаларымен байланысты болуы да мүмкін.
@jandos_daultaev Джеки чан Алматыға келді #джекичан #uefachampionsleague #real #kairat #fifa ♬ UEFA Champions League Legacy Anthem (Full Version) - UEFA & Tony Britten
Соңғы жаңалықтар





