Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция ресми мәлімдеме жасады

Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция ресми мәлімдеме жасады
Фото: Politico.kz

Атырау қаласындағы тергеу изоляторында ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жаза өтеп жатқан бес сотталған ұстау режиміне келіспейтінін білдіріп, заңға қайшы әрекеттерге барған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы мекеме әкімшілігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, сотталғандар камералардағы бейнебақылау құрылғыларын жауып, өздеріне дене жарақатын салуға әрекеттенген. Оқиға салдарынан жеңіл сипаттағы өзіне зақым келтіру жағдайлары тіркелген.

Осыдан кейін мекеме әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған. Медициналық көмекке мұқтаж болғандардың барлығына қажетті көмек көрсетілген. Сотталғандарды ауруханаға жатқызу қажет болмаған, қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы тұрақты.

Аталған факті бойынша топтық бағынбауды ұйымдастыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу изоляторындағы жағдай тұрақты. Мекемеде тәулік бойы бейнебақылау қамтамасыз етіліп, изолятор қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу