Атырауда мектеп жылусыз және жарықсыз қалды

Атырауда мектеп жылусыз және жарықсыз қалдыдеп хабарлайды POLITICO.KZ.
Атырау қаласындағы №37 С. Зиманов атындағы мектепте электр энергиясының жетіспеушілігі салдарынан оқушылар қашықтан оқуға жіберілді. Бұл жағдай Нұрсая ықшамауданындағы оқу ордасын электр энергиясымен қамтамасыз ететін жерасты кабелінің үзілуінен орын алды.
«Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Энергиямен жабдықтау қалпына келгеннен кейін мектеп қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Жұмыстардың аяқталуы жергілікті билік пен уәкілетті органдардың бақылауында», – деп хабарлады қала әкімдігі.
Айта кетейік, бұл мектеп бұған дейін де ақпараттық хабарламаларда айтылған болатын. Жақында мектеп мұғалімдері мен директор арасындағы жанжалдың салдары қайғылы оқиғаға алып келді. Мектептің педагогикалық кеңесінен кейін мұғалімдердің бірі өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оған мектеп директорының әлеуметтік демалыстан кейін жұмысына оралып, орынбасарларын жұмыстан босатуы және мұғалімдердің сағаттарын қайта есептеу жөніндегі шешімдері себеп болды.
Ақпарат azh.kz сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





