Атырауда пәтерден 21 күн жатқан ер адамның мәйіті табылды

17.12.2025 09:20 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Атырауда пәтерден 21 күн жатқан ер адамның мәйіті табылды
0
183
Фото: ашық дереккөз

Атырауда пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Марқұмның денесі шамамен үш апта бойы жатқан. Бұл туралы «Ақжайық» басылымы жазды. Мәйіт Береке шағынауданындағы №24 үйден анықталған.

Көршілердің айтуынша, осы уақыт ішінде подъезде өткір өлік иісі тарап, әлі күнге дейін толық кетпеген.

«Иіс бүкіл подъезге жайылды. Өз күшімізбен адамдар жалдап, тазалаттық. Хлоркамен, “Белизнамен” жудық, бірақ иіс бәрібір қалды. Біз маман емеспіз, қалай дұрыс тазалау керегін білмейміз», – деді тұрғындардың бірі.

Марқұм туралы мәліметтер де белгілі болды. Отбасы таныстарының айтуынша, ол бала кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Екі әпкесі бар, бірі ауданда, екіншісі қалада тұрады. Ер адам мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алған соң жалғыз тұрғанымен, туыстарымен байланысын үзбеген. Соңғы уақытта оны ешкім көрмеген, жақындары басқа қалада жұмыс істеп жүр деп ойлаған.

Сондай-ақ марқұмның екінші топ мүгедегі болғаны айтылды. Денсаулығына байланысты тұрақты жұмыс табу қиын болғанымен, өз бетімен өмір сүруге тырысқан, үйленбеген.

«Әпкесі іздей бастағанда ғана бір сұмдықтың болғаны белгілі болды. Ұзақ уақыт бойы бұл жағдайды ешкім білмей жүрді», – деді отбасы таныстары.

Қазіргі уақытта ресми органдар өлімнің нақты себебін жариялаған жоқ. Ал тұрғындар пәтер мен подъезге толық санитарлық өңдеу жүргізу мәселесі әлі шешілмегенін айтып отыр.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий