Атырауда жоғалған Наурыз бен Мирамгүлдің денесі табылды

09.03.2026 20:27 Мөлдір Талғат
Атырауда жоғалған Наурыз бен Мирамгүлдің денесі табылды
8057
Фото: ІІМ

Атырау қаласының маңындағы Геолог шағынауданында бұған дейін жоғалып кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары — Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Олардың денелері күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Ақбаян бұрын жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Белгілі болғандай, кеше Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Алматыға жеткізілген. Алматыда Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, мәйіттерді Геолог шағынауданындағы жалдап тұрған үйінің ауласына көмгенін айтқан.

Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер аталған аумақта қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізіп, сол жерден мәйіттерді тапқан.

Еске салайық, ерлі-зайыптыларды іздеу жұмыстары желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген. Оқиға орнында полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмыс істеп, арнайы жедел штаб құрылған.

Үй аумағы мен оған жақын жерлер арнайы техникамен, соның ішінде георадарлардың көмегімен тексерілген. Алайда алғашқы іздеу жұмыстары нәтиже бермеген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий