Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз жұмды

Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз жұмды
Фото: 112.ua

Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, 2002 жылы туған жас кенші қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқыс оқиға 20 қазанда жұмысшы шахтада қорғаныш бекіткішін орнатып жатқан сәтте болған. Кенеттен тау жынысы құлап, үстін басып қалған үңгушіні құтқару мүмкін болмады.

«Қазхром» компаниясының мәліметінше, болған жайт туралы мемлекеттік органдарға бірден хабарланған.

Қазір мамандар оқиғаның мән-жайы мен нақты себептерін анықтап жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу