Атыраудағы қанды оқиға: Күдіктілер туралы бұрынғы көршілер күтпеген шындықты айтты

12.03.2026 19:21 Қарақат АСЫЛОВА
Атыраудағы қанды оқиға: Күдіктілер туралы бұрынғы көршілер күтпеген шындықты айтты
391
Ашық дереккөздерден
«Жуас отбасы болып көрінген»

Атырауда болған қанды оқиғаға байланысты күдікке ілінген Сұлтан мен Ақбаян туралы олардың бұрынғы көршілері естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашеваға оқиға болған үйде бұрын тұрған тұрғындардың бірі хат жолдаған. Оның айтуынша, 2023 жылы олар сол үйдің бір бөлігін жалдап тұрған кезде Сұлтан мен Ақбаян көрші болыпты. Сырт көзге олар тыныш, қарапайым әрі жуас отбасы ретінде көрінген.

Көршісінің сөзінше, олар бұл отбасымен жақсы араласқан. Ақбаян кейде бауырсақ пен пирожки пісіріп әкеліп беретін, ал тұрмыстық заттарды бір-бірінен алып тұратын көрінеді. Тіпті олардың тоңазытқышы болмағандықтан, еттерін көршілерінің үйінде сақтап жүрген.

Сондай-ақ көрші әйел Ақбаянның анасы жиі келіп, балаларға көмектесіп жүргенін, ал Сұлтанның Наурыз есімді ағасы да кейде келіп тұратынын айтқан.Оның айтуынша, Сұлтан да өте сабырлы, тыныш адам болып көрінген. Тіпті көршісі түнгі ауысымға кеткенде, үйде қалған балаларын Сұлтанға сеніп тапсырып кететін жағдайлар да болған.

Алайда соңғы жаңалықтарды естіген бұрынғы көршілер бұл жағдайға қатты таңғалып, қорқып отырғандарын жеткізді. Олар 2023 жылдың жазында жолдың батпақ болуына байланысты ол үйден көшіп кеткенін айтып, “сол кезде көшіп кеткенімізге шүкір” деп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий