Атыраудағы сот: Сәрсемәлиев кімді қасақана, кімді «абайсызда» өлтіргенін айтып берді
Бүгін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Жаңгелдин ауылындағы отбасыға қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот процесі жалғасты, деп хабарлайды Politico.kz.
«АқЖайық» басылымының жазуынша, сотта жауап беру барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтты. Өз сөзінде ол өлімнің абайсызда болғанын, ал өзінің қорғану мақсатында әрекет еткенін алға тартты.
Дегенмен, сотталушы қалған айыптар бойынша басқаша айғақтар берді. Сәрсемалиев Мақсот Қарабалинді тоғыз рет, Өтешқалиеваны сегіз рет және Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет қасақана пышақтағанын мойындады.
Сонымен қатар айыпталушы ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындады. Оның айтуынша, қылмыстан кейін бұл әрекеттерге ізін жасыру үшін барған.
Осылайша, Сәрсемәлиев өзіне тағылған 13 айыптың ішінде тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты эпизод бойынша ғана қасақана әрекет жасағанын жоққа шығарды.
Еске салайық, Жаңгелдин ауылындағы жаппай кісі өлтіру ісі Атырау облысында кең қоғамдық резонанс тудырған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, қаза тапқандар айыпталушының бұрынғы жұбайының туыстары болған.
Соңғы жаңалықтар