Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болып, 250 адам қаза тапты
Ауғанстанда болған қуатты жер сілкінісінен кемінде 250 адам қаза тауып, 500-ден астамы жарақат алды.
АҚШ Геологиялық қызметінің дерегіне сәйкес, магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі жергілікті уақытпен дүйсенбіге қараған түні Пәкістан шекарасына жақын орналасқан Джалалабад қаласынан шамамен 20 шақырым қашықтықта тіркелген. Жер асты дүмпулері 8 км тереңдікте болған.
Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шарафат Заман:
«Біз ауқымды құтқару жұмыстарын бастап, жүздеген адамды зардап шеккен аймақтарға көмекке жұмылдырдық», – деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, жер сілкінісі алыс таулы аймақта болғандықтан, нақты адам шығыны мен инфрақұрылымға келтірілген залалды анықтауға уақыт қажет.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...