"Ауру балалар кафеге келмесін". Аутист қызды дәмханадан қуып шыққан

Волгоград қаласында анасы екеуі саяхаттап жүрген аутизм диагнозы бар қыз баланы дәмханадан қумақ болған. Бұл туралы Politico.kz тілшісі «Осторожно, новости» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Анасының айтуынша, олар Ейск қаласынан Санкт-Петербургке жол жүріп бара жатқанда, Волгоградта аялдап, тамақтануға бел буған. Дәмханаға кірген кезде анасы тапсырыс беру үшін кассаға бет алған, ал қызы сол сәтте шаршап, диванға жата кеткен.
Осы мезетте дәмхана қызметкері қызға жақындап, ескерту жасай бастаған. Анасы қызының аутизмі бар екенін түсіндіріп, ол ешкімге кедергі келтіріп жатқан жоқ екенін айтқан. Себебі, ол кезде мекемеде басқа келушілер болмаған.
Алайда дәмхана қызметкері, ананың айтуынша, «ауыратын балалар дәмханаға келмеуі керек, тек дәрігер қабылдауына баруы тиіс» деп жауап берген. Анасы түсірген видеода қызметкердің сұрақтарға жауап бермей, қолымен балағат ишара көрсеткені көрінеді.
Аталған жағдайдан кейін дәмхана иесі анадан кешірім сұрап, қызметкердің әрекетіне байланысты тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеген.
Соңғы жаңалықтар





