Ауыл мұғалімі екі баланы ажал аузынан аман алып қалғаны үшін министрден марапат алды

10.02.2026 10:44 Арман Ермеков
Ауыл мұғалімі екі баланы ажал аузынан аман алып қалғаны үшін министрден марапат алды
288
Фото: ШҚО-ның әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында көршісінің үйінен шыққан өртті байқап екі баланы құтқарып қалған мектеп мұғалімі Рулан Сейітовке арнайы медаль табысталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен мұғалім «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Марапатты оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре табыс етті.

Оқиға 18 қаңтар күні Алтай ауданына қарасты Соловьёво ауылында болған. Рулан Сейітов өз ауласында шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүріп көрші үйдің шатырынан түтін шығып жатқанын байқайды. Ол бірден көмекке ұмтылған. Ер адам үйдің есігін ашуға тырысқанымен іші қою түтінге толып кеткендіктен ішке кіре алмаған.

Кейін ол үйді айналып өтіп екінші жағындағы сынған терезені көреді. Сол жерде көмек сұрап тұрған екі баланы байқап оларды терезе арқылы сыртқа алып шыққан. Далада күн суық болғандықтан мұғалім балаларды өз үйіне апарып жылытқан. Ерлік көрсеткен Рулан Сейітов ауылдағы орта мектепте ұстаз болып қызмет етеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий