Айдос Сарым: Президентіміз – жаңа Ата Заңның негізгі авторларының бірі әрі архитекторы

11.03.2026 17:30 Әсел Мұрат
Айдос Сарым: Президентіміз – жаңа Ата Заңның негізгі авторларының бірі әрі архитекторы
50
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстан Президентінің жаңа Конституция жобасын дайындауға тікелей қатысқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz 

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасын дайындау процесіне алғашқы күндерден бастап белсенді түрде қатысқан.

Депутат мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының қызметін бастапқы кезеңнен-ақ жіті назарда ұстағанын атап өтті. Оның айтуынша, Президент жұмыс тобының жетекшісін бірнеше рет қабылдап, топ мүшелерімен кездесулер өткізіп, өз ұсыныстарын білдіріп, реформаның негізгі бағыттарын айқындап отырған.

Айдос Сарымның мәліметінше, жаңа Ата Заңды қабылдау қажеттігі азаматтар тарапынан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау нәтижесінде айқындалған. Қоғамнан мыңдаған ұсыныс келіп, бұл үдеріс кең көлемге жеткен кезде, Президент жұмыс тобының мүшелерін Құрылтай қарсаңында жинап, алда күтілетін ауқымды өзгерістер туралы хабарлаған.

Сондай-ақ ол ұсыныстардың форматы мен мазмұны, сондай-ақ олардың көлемі Қазақстанның Конституциялық соты және өзге де мемлекеттік құрылымдардың атына жолданған ұсыныстардың жаңа Конституцияны қабылдау қажеттігін көрсеткенін жеткізген.

Депутаттың айтуынша, құжатты әзірлеу барысында Президент сарапшылар қауымдастығымен тығыз әрі белсенді жұмыс жүргізген. Конституциялық комиссия қызметі кезінде Мемлекет басшысы оның жетекшісімен бірнеше мәрте кездесіп, Конституциялық сот төрағасын және басқа да ұйымдардың басшыларын қабылдаған. Сарымның пікірінше, бұл президенттің реформа жұмысына тікелей араласқанын білдіреді.

Сөз соңында Айдос Сарым Мемлекет басшысының жаңа Конституцияны әзірлеудегі рөліне ерекше тоқталып, оны конституциялық реформаның басты архитекторы деп атады. 

«Сондықтан президентімізді жаңа Ата Заңның негізгі авторларының бірі әрі архитекторы деп айтуға болады. Бұл мызғымас ақиқат», – деп түйіндеді сөзін Айдос Сарым.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий