Әйел 22 жыл бойы бөксесінде тұрып қалған термометрдің сынығымен өмір сүрген

Әйел 22 жыл бойы бөксесінде тұрып қалған термометрдің сынығымен өмір сүрген
05.09.2025 11:22
0
172
Wuhan First Hospital

Қытайдың Ухань қаласында дәрігерлер әйел адамның бөксесінен ұзындығы шамамен екі сантиметр болатын шыны сынығын тапты. Белгілі болғандай, бұл — науқас мектеп жасында кездейсоқ отырып қалған сынапты термометрдің сынығы. Бұл туралы Daily Star хабарлады.

Ху есімді пациенттің айтуынша, оқиға бастауыш мектепте оқып жүрген кезінде орын алған. Ол сыныпта партаның артында отырған кезде, қатарлас оқушысы одан өшіргіш сұрайды. Қыз затының арасынан өшіргішті іздеп жатқан сәтте, сыныптасы қалжың ретінде орындыққа термометр қойып үлгереді.

Нәтижесінде, Ху термометрдің үстіне отырып, оны сындырып алады. Термометрдің бір бөлігі оның денесіне кіріп кеткен. Баланы дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер тек шынының бір бөлігін ғана алып тастай алған. Қыздың айтуынша, сол кезде термометр қалыптыдан қысқалау болып көрінген. Қосымша рентген түсірілімі де нәтиже бермеген, өйткені шыны мөлдір болғандықтан, бейнеде жақсы көрінбеген.

Содан бері 22 жыл бойы әйел бұл сынықтың денесінде қалғанын білмей өмір сүрген. Тек жақында велосипедтен құлап, бел аймағы ауырсынып, ауруханаға жүгінген кезде ғана жағдай анықталған. Дәрігерлер пациенттің құйымшағы сынған болуы мүмкін деген күдікпен КТ (компьютерлік томография) жасаған. Осы зерттеу нәтижесінде алғаш рет инородты заттың нақты пішіні көрінген.

Дәрігердің айтуынша, әйелдің жолы болған. Өйткені термометр ішінде сынап қалмаған. Егер улы зат денеге түссе, ауыр улану қаупі зор болар еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий