Әйел жаңа туған сәбиін қатты құшақтаймын деп, өлтіріп алды

Әйел жаңа туған сәбиін қатты құшақтаймын деп, өлтіріп алды
24.09.2025 14:02
0
217
ашық дереккөз

АҚШ-тың Пенсильвания штатының батысында орналасқан үйден төрт баланың денесі табылып, 39 жастағы Джессика Марти Маут қамауға алынды. Бұл туралы AP News агенттігі хабарлады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, үй иесі шкафты тазалау барысында сүлгіге оралған, шіріп кеткен нәресте денесі салынған пакетті тауып алған. Кейінірек үйдің шатырынан тағы үш қапқа салынған балалардың мәйіті табылған. Барлық денелерден қатты иіс шыққаны айтылды.

Күдікті қазіргі уақытта Армстронг округінің түрмесінде отыр. Ол екі баланың өліміне қатысты кінәсін мойындады. Тергеу барысында әйел алты жыл бұрын есінен танып, жаңа туған нәрестенің үстіне құлап кеткенін, есін жиған кезде баланың тыныс алмай жатқанын айтқан. Сонымен қатар, бір жыл бұрын босанғаннан кейін баланы тым қатты құшағына қысып, алдымен дыбыс шығармай қалғанын, кейін тынысы тоқтап қалғанын да мойындаған.

Маутқа екі бірдей абайсызда адам өлтіру және балалардың денелеріне қатыгездікпен қарау баптары бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы қыркүйек айының соңында өтеді деп жоспарланған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий