"Әйелімді жақсы көрмей алдым": Танымал ММА боксшысы жеке өмірінен сыр шертті

18.04.2025 13:06
0
68
©Naiza FC

Боксшы Арман Әшімов ютуб арнасына сұқбат берді. Ол сұқбатында жеке өмірінен де сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Сөзінше, ол әйеліне ешқандай сезімсіз, махаббатсыз, есеппен үйленген. 

"Қатынымды жақсы көрген жоқпын мен. Білдім жақсы қатын болатынын. Үйленгеннен кейін Аллаға шүкір, оны жақсы көрдім. Бірақ білдім мен. Расчетпен алған адаммын жақсы әйел болады деп. Мен оның жағдайына қараған жоқпын, асып-тасып бара жатқан жоқ. Ел қатарлы.", деді ол.

Сондай-ақ ол махаббатпен үйленгендерді де сынады. 

"Үйленгеннен кейін өздерінше еркектігін көрсеткісі келеді. Әке-шешесінің көзінше әйелін жұмсап отырады. Олар кеткен соң әйелі өзіне көрсетеді. Содан ештеңе дей алмай қалады. Ақырын қайын жұртына көше бастайды", деді спортшы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий