Әйгерім Қалаубаева әніндегі “кішірмей” сөзіне қатысты жауап берді

Әйгерім Қалаубаева әніндегі “кішірмей” сөзіне қатысты жауап берді
27.04.2025 17:30
0
60

Отандық әнші Әйгерім Қалаубаева жаңа әніндегі “кішірмей” сөзіне қатысты туған сын-пікірлерге Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әнші жақында тыңдармандарына жаңа туындысын ұсынған болатын. Алайда көп ұзамай әннің мәтініндегі “кішірмей” сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбір тыңдармандар қазақ тілінде мұндай сөз жоқ екенін алға тартқан.

Әйгерім Қалаубаева бұл сынға жауап ретінде былай деп жазды:

“Кішірмей” деген сөз бар болып шықты. “Несі бар?!” әнімнің “махаббат алдында кішірмей” деген жерінде біраз тыңдарман: “Ондай сөз жоқ, болмаған, болмайды!” деп пікір білдіріпті. Бірақ… Фариза апамыз әлдеқашан жазып кеткен: “Сүйгеніме кішірмей, сүйреледім өзімді…”. Басқа да ақындардың жырларында бұл сөз кездеседі. Сондықтан қазақта жоқ сөз емес. Махаббат алдында “кішірмей” тұру – нағыз поэзия! Еріп кетпей, кішірмей тұру… Мен де әнімде осы мағынада қолдандым. Қолдансам, несі бар?! Қайырлы таң, жақсыларым!” – деп жазды әнші.

Әншінің бұл жауабы көп тыңдарманның қолдауына ие болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий