Қазақстан Арменияға жіберетін экспорт көлемін 350 млн долларға жеткізуге дайын
591
Мемлекет басшысы Ереванға Қазақстан Президенті ретінде ресми сапармен алғаш рет келіп отырғанын атап өтіп, ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін барша армян халқына алғыс айтты. Сондай-ақ еліміз Арменияның көне тарихына, бай мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атап өтті.
– Біздің қарым-қатынасымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты байланысты жандандыру – ортақ мақсатымыз. Біздің аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайту жолындағы мұратымыз – бір. Биыл екі ел арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шартқа 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде Астана мен Ереван арасында ұзақ мерзімге арналған өзара тиімді серіктестіктің берік негізі қаланды. Біз Армениямен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз. Сондықтан мен үшін бүгінгі сапардың мән-маңызы айрықша, – деді Президент.Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінгі келіссөздер екі елдің жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын сақтауға мүдделі екенін дәлелдейді. – Бүгін күн тәртібіндегі көптеген өзекті мәселе жан-жақты талқыланды. Біз нақты келісімдерге қол жеткіздік. Пашинян мырза бұл туралы жаңа ғана толығымен айтты. Әсіресе, сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланыстың ауқымын кеңейтуге ерекше назар аудардық. Екіжақты сауда-саттықтың көлемі соңғы бес жылда тұрақты өсіп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты нығайту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударды
– Тауар айналымын ұлғайтуға серпін беретін жаңа бағыттарды іздестіру керек деген ортақ пікірге келдік. Экспорттық-импорттық тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін нақты шаралар қабылдауымыз керек. Ол үшін қолда бар мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажет. Қазақстан Арменияға шығарылатын экспорт көлемін 350 миллион долларға жеткізуге дайын, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп, құрылыс, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, инновация, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыру маңызды екенін айтып, армян тарапына бірқатар бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды.
– Бұл, әсіресе, қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық ахуал кезінде аса өзекті. Осы бағыттағы жұмыс Үкіметаралық комиссияның жіті бақылауында болады. Бұған қоса бизнес-миссиялардың барыс-келісін жандандыра түсуіміз керек. Бұл қадам Іскерлік кеңестің тез арада құрылуына ықпал етеді, екі елдің бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейтеді. Сондай-ақ инвестициялық қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
12:03
Дәрет сындырған видео: полиция шетелдік турист ...
25.09.2026
11:24
Каспийде көз жұмған әскерилердің жақындарына кө...
25.09.2026
11:04
Каспийде қаза тапқан БҚО-лық сарбаздардың фотос...
25.09.2026
10:59
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшіні...
25.09.2026
10:51
Каспийдегі сұмдықтан аман қалған сарбаз есін жи...
25.09.2026
10:10
Каспийдегі қайғылы оқиға: қызметіне салғырт қар...