Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын 20 қарашаға белгіледі. Қаулы Ақорданың сайтында жарияланды.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚАРАШАСЫНА ТАҒАЙЫНДАЛСЫН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТСІН» ДЕЛІНГЕН ҚАУЛЫ МӘТІНІНДЕ.
Қаулыға сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етіп, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын 2022 жылғы күзде өткізуді ұсынған болатын.
«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДА ТҮБЕГЕЙЛІ ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ РЕФОРМАЛАРДЫ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҢА СЕНІМ МАНДАТЫ ҚАЖЕТ. МЕН ҮШІН МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН БИІК. СОНДЫҚТАН МЕН ӨКІЛЕТТІК МЕРЗІМІМДІ ҚЫСҚАРТУҒА ЖӘНЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА БАРУҒА ДАЙЫНМЫН», – ДЕДІ ПРЕЗИДЕНТ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ.
Сондай-ақ мемлекет басшысы президенттік мандатты қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...