ҚАЗАҚСТАНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ

10.02.2024
12:29
0
116
Ресейдің Дубна қаласында тәлім алып жатқан қазақстандық физиктер Менделеев кестесінің 120-шы элементін жаңалық етіп ашуға жақын. Алдын ала жасалған болжамдарына сәйкес, ғылымдағы жаңа белгі «хром54» пен «кюрий 245» химиялық ауыр элементтердің қосындысынан шығуы тиіс. Жас ғалым Арынбек Ерсұлтан мидағы липид және ақуыздардың өзара байланысын зерттеп, Альцгеймер мен Паркинсон ауруларын алдын алу бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Осылайша ол әлемде әлі емі табылмаған ауыруға шипа тауып, ғаламдық медицинаға үлес қосуды көздейді. Арынбек Ерсултан, кіші ғылыми қызметкер: - Кез келген аурудың емін табу үшін бірінші оны фундаменталды зертттеу қажет, механизмдерді білу қажет. Экспериментімізде сол ортаны жасай отырып, аздаған өзгерістер енгізе отырып, әсері қандай болатынын зерттеп отырмыз. Ауруды уақытша тоқтатуға немесе мүлдем алдын алу үшін алдымен оның механизмін түсінген дұрыс. Дубнадағы Біріккен ядролық зерттеу институтында 5 мың қызметкер болса, оның жүз шақтысы қазақстандық физиктер. Олардың орта жасы - жиырма сегіз. Барлығының да ғылым саласында жаңалық ашуға деген құлшынысы зор. Дастан Ибадуллаев, ядролық реакция зертханасының кіші ғылыми қызметкері: - Қазір хром 54 элементін шығаруымен айналысып жатыр, ол 120 элементті синтездеуге дайындық деп айтуға болады. Өйткені 120 элемент болжамдар бойынша хром 54 пен кюрий 245-пен пайда болуы мүмкін. Теоретиктердің айтуы бойынша, бұл экспериментпен бір айда 120ші элементтің бір бөлшегі келуі мүмкін. Қазір біз тек хром 54 элементің табуымен айналысып жатырмыз, бұйырса келесі жылы 120 элементке шығайын деп жатырмыз. Қазақ физиктері зерттеу жұмыстарына жұмыла кіріседі. Талай рет халықаралық ғылыми жобаларды сәтті қорғап, оың іс жүзінде жүзеге асуына үлес қосты. 200-ден астам бірлескен жұмыс жарыққа шықты. Ал ең үлкен мақсаттары: Менделеев кестесінің шегін анықтау.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.04.2025
15:08
Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлап...

18.04.2025
14:26
Трамп бейсенбіде Украинамен пайдалы қазбалар бо...

18.04.2025
14:15
«Назгүл мен Құндыздың үйін сатып жіберген»: Іли...

18.04.2025
14:14
"Қасыңда әкім байың болса, бәрі жиналады екен":...

18.04.2025
13:26
Геннадий Головкин жаңа атаққа ие болды

18.04.2025
13:15
Марко Рубио: Егер соғысты тоқтату мүмкін болмас...