Қазақ тілін дәлізден сығалатқан «ескі де жаңа» билікке бұл үлкен сын — Кәмшат Тасболат

19.09.2022
16:14
0
228
Елордада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары кеңесінің ұйымдастырылуы мен өтуіне Қазақстан халқы ғана емес, тұтас әлем көз тігіп отыр . VII съездің ұйымдастырылуы мен саяси салмақтылығына қатысты ой-пікірлер ұлттық ақпарат кеңістігінде талқыға түсуде. Журналист, зерттеуші Кәмшат Тасболат көпшіліктің назарын съездегі қазақ тілінінің қолданысына аударды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі «Адырна» Ұлттық порталына сілтеме беріп.
— Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің елімізде өткізілгені құптарлық. Тек бір әттеген-айы, кешелі бері съездің Баннері қазақша және ағылшынша жазылды деп жұрттың бәрі сүйіншілесе де, кешегі отырыстың да, бүгінгі съездің де Модерациясы орыс тілінде жүрді?! Енді қараңыз, Ватикан басшысы, араб әлемінің ғұламалары, Израиль раввиндері, басқа да баптист, буддист, т.б. дін өкілдеріне қазақша сөз бересің бе, орысша сөз бересің бе, бәрібір. Ресейдің патриархы жиынға келмеді, сонда Мәскеу патриархатының өкіліне жасалған құрмет пе бұл? Жалпы, халықаралық заңдарға, ұстанымдарға сәйкес, әлемдік шараларды Қабылдаушы елдің мемлекеттік тілінде өткізуге болады! Сондықтан қабылдаушы тарап — Қазақстан болған соң, съезд мемлекеттік тіл — қазақ тілінде өтуі керек! Міндетті. 19 млн халықтың 13,5 миллионы қазақ, бұған бірнеше миллион түркі тілдес бауырларымызды қосыңыз. Елімізде қазақша білетін қаншама неміс, украин кәріс, орыс, т.б. бар. Мемлекеттік тіл — мемлекеттіліктің нысаны! 31 жыл бойы мемлекеттік тілді халықаралық жиындарда дәлізден сығалатып қойған «ескі де жаңа» билікке бұл үлкен сын, — деп жазды журналист.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

21.10.2025
23:40
«Қайрат» пен «Пафос» тең тарқасты

21.10.2025
22:08
Танымал әзілкеш Ұлықпан Жолдасовты ашуландырды

21.10.2025
20:36
«Ағасы барда «жеңге» дейтін...»: Жұлдыз Әбдікәр...

21.10.2025
20:02
"Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек": ...

21.10.2025
18:30
Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа ұ...

21.10.2025
18:10
Көп балалы ана Әйгерім Сәттібаева ел чемпионаты...