"Азанның дауысы": Нұрлан имам жұрттың қателігін айтты

15.01.2025 17:33
0
25
видеодан кадр

Астанадағы «Ырыскелді қажы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы телефонмен дәретханаға кіретіндерді сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол азанның дауысын стандартты музыкаға ауыстырып қою мәселесін көтерді.

«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстыруларыңызды сұраймын. Біз телефонды телефон сияқты қолданбаймыз. Осы отырған бәріміз телефонды алып, бәріміз дәретханаға кіреміз. Ең жақсы жер сол жер ғой өзі. Тып-тыныш отырып, шұқылайсың. Дәретханада оқыған қызық. Оқитын ешнәрсе таппағанның өзінде дәретхана қағазын қолға аласың. Қала берді иіс шығаратынды оқисың. Қайдан шыққанын, ішінде не барын оқисың. Сөйтіп H2O-ны жаттап аласың. Енді азанның дауысы дәретханада шықса, бұл масқара дүние ғой. Сондықтан азанның дауысын басқа дауысқа ауыстыру керек», - дейді Нұрлан имам Байжігітұлы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или