«Бала үшін отбасын сақтау – қиял»: Дана Нұржігіт ағынан жарылды

«Бала үшін отбасын сақтау – қиял»: Дана Нұржігіт ағынан жарылды
Фото: видеодан скриншот

Журналист Дана Нұржігіт бала үшін отбасын сақтап қалу мүмкін еместігін, мұндай орта ең алдымен баланың өзіне ауыр тиетінін айтты. Бұл туралы ол әріптесі Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz

Тележүргізуші ерлі-зайыптының арасында шынайы сезім болмаған жағдайдағы суықтықты бала бірден сезетініне тоқталды.

«Жалпы, бала үшін отбасын сақтап қалу деген – қиял. Балаға да ауыр, егер ата-ана бір-бірін шынайы сүймесе, бір-біріне суық болса. Ол суықтықты бала сезеді. Ол суықтықтың лебі балаға тимей қоймайды. Мен ондай өтірікте баламды өсіргім келмейді», – деді Дана Нұржігіт.

Сонымен қатар журналист өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны үшін әлі күнге дейін сынайтындардың бар екенін, кезінде сондай ауыр пікірлердің салдарынан сотқа және полицияға жүгінбек болғанын да жасырмады.

«Мен осы кісінің басқа ұлтқа шыққанын көрдім де жек көріп кеттім» деген, өте дөрекі нұсқалар да болды. Бір кездері маған қатты жазған адамды сотқа бермекші болғанмын. Қазіргідей хейт жазып, сол үшін қылмыстық жауапкершілік жоқ кезде де полицияға барғанмын. Түнде өте ауыр сөздер жазғандар болды. Ондай сөзді айтудың өзі ұят. «Біреудің артынан шыққан» деген сөзді әлі күнге дейін жазады», – деді ол.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу