Балалар үйінен шыққан әйел 2 ұлын киім үшін сатып жіберген

Балалар үйінен шыққан әйел 2 ұлын киім үшін сатып жіберген
14.07.2025 16:09
0
182
Фото: ашық дереккөз

Қытайда әйел өзінің екі ұлын сатып, әлеуметтік желідегі стримерлерге донат пен киім-кешек алуға жұмсаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ басылымына сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, 26 жастағы жетімдер үйінен шыққан Хуан есімді әйел жеткілікті қамқорлық көрмей өскен. Оның тек бастауыш білім деңгейі ғана бар. 2020 жылдың қазан айында Хуан алғаш рет ана атанып, қаржылық қиындықтарға байланысты тұңғыш ұлын 6,3 мың АҚШ долларына басқа бір әйелге сатқан. Алынған ақшаның барлығын ол стримерлерге сыйлықтар мен донат жасауға, сондай-ақ киім сатып алуға жұмсаған.

Қаражат таусылған соң, ол қайтадан ана болуды жоспарлап, 2022 жылы екінші ұлын дүниеге әкелген. Бұл баласын да 5,3 мың АҚШ долларына сатып, сол қаржыны алдыңғы мақсаттарына жұмсаған.

Қазіргі таңда екі бала арнайы мекемелердің қамқорлығына берілді. Ал Хуан адам саудасы және алаяқтық үшін 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий