Балаларды педофильге берген бала күтуші 100 жылға сотталды

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында балаларға қылмыс жасағаны үшін айыпталған әйел 100 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол бала күтуші ретінде жұмыс істеп, сеніп тапсырылған балаларды зорлап, кейін оларды өз сүйіктісіне — педофил Самуэль Кабререге берген.
Бұл жөнінде Metro басылымы жазды.
31 жастағы Бриттни Мэй Лайон онлайн арқылы бала күтуші қызметін ұсынып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызығушылық танытқан. Тергеу барысында оның балаларды өзі зорлап қана қоймай, 31 жастағы жігітіне беріп отырғаны анықталды. Кабрере қылмысты бейнетаспаға түсіріп отырған.
Қылмыстың құрбандары — 3 пен 7 жас аралығындағы балалар, олардың арасында аутизм диагнозы бар бүлдіршіндер де болған.
Әйелдің қылмыстары 2016 жылы әшкереленді. Жеті жасар қыздың әңгімесінен кейін полиция тергеу жүргізіп, Кабреренің көлігінен жүздеген зорлық әрекеттерінің бейнежазбасы бар қатқыл дискілерді тапқан.
Сот үкімі бойынша, Лайон өмір бойына түрмеде қалады, ал оның сүйіктісі 300 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кету керек, АҚШ құқық жүйесінде үкімдер қосылып есептеледі. Яғни, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына қоса жүздеген жыл түрме мерзімін белгілеу – апелляция кезінде кейбір айыптар алынып тасталса да, қылмыскердің түрмеден ешқашан шықпауын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Соңғы жаңалықтар





