“Балаларымның несібесі шығар”: Мөлдір Мұқанова қуанышты жаңалығын айтты
Танымал блогер, көпбалалы ана Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісіп, жаңа көлік алғанын көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол бұл жетістігін ең алдымен өзінің бес баласының берекесімен байланыстырды. Блогердің айтуынша, балалары оның өміріндегі ең үлкен тірекке айналған.
«Бір кездері өзіме модель де, актер де, актриса да, стилист те, көмекші де, ақылшы да болатын балаларды дүниеге әкелгеніме әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын. Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, бір-ақ күн жетеді екен», – деп жазды ол.
Мөлдір Мұқанова жаңа көлікпен енді балаларымен жиі саяхаттауды жоспарлап отырғанын да айтты. Оның сөзінше, үлкен отбасымен бірге сапарға шығу – басты армандарының бірі.
«Енді бесеуін салып алып, улап-шулап жақсы жерлерге барамыз. Көлігіміз біздің көрікті отбасымызға үйлесіп тұр ма? Біз үшін қуанып, құттықтап жатқан әрбір жанға мың алғыс», – деді блогер.
Желі қолданушылары оған жылы лебіздерін жаудырып, жаңа көлігінің құтты болуын және отбасына амандық тіледі.
Соңғы жаңалықтар