«Баланы мешітке алып келген дұрыс емес»: Имам ата-аналарға ескерту жасады (ВИДЕО)

Имам Данияр Кенжеұлы мешітке балаларын әкелетін ата-аналарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Осы видеоны балаларын мешітке алып баратын әкелерге, ата-аналарға арнаймын. Біз кеше мешітте Шам намазын оқыдық, ар жақтағы балалардың шулап жатқанынан не оқып, не қойғанымызды білмей қалдық. Жалпы адам мешітке барып неге намаз оқиды? Мешітке мешіттің сауабын алуға барамыз. Көптен көрмей қойған бауырларымыз көріп қалып, дидарласып, мешіттің сауабын алуға барамыз. Балалар шулап жүріп не оқып, не қойғаныңды білмей қаласың. Пайғамбарамыз С.А.У «есі кіргеннен бастап балаларыңды құлшылыққа тәрбиелеңдер» деген. Бірақ 4-5 жасар балаңды мешітке әкеліп шулатып қой деген сөз емес. Мешіттегі кілемді бала бүлдіріп қойса, түгел кілемді ауыстыруға тура келеді. Ол жуа салатын үйдің кілеміндей емес. Сондықтан баланы барынша 7-8 жастап бастап мешітке алып келген дұрыс. 4-5 жасар баланы мешітке алып келмеген дұрыс. Тәрбие тек мешітте ғана емес, үйде де беріледі. Намаз уақытында осыған байқаған дұрыс», — деді имам.
Соңғы жаңалықтар





