Баласың құтқармақ болған ана суға батып кетті

Алматы облысында бір отбасының демалысы қайғылы жағдаймен аяқталды
Талғар өзеніне құлап кеткен баласын құтқаруға тырысқан әйелдің денесі табылды
Lider.kz еріктілерінің айтуынша, 10 жастағы бала өзенге құлап кеткеннен кейін анасы артынан секіріп, суға батып кеткен. Оның денесі төменгі ағыстан табылды, ал баланы іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Облыстық полиция департаменті де мәліметті растады.
«22 маусымда Тұздыбастау ауылында 44 жастағы әйел абайсызда Талғар өзеніне құлап, суға кеткен. Алдын ала болжам бойынша, онымен бірге кәмелетке толмаған бала да суға түскен. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды», – деді ведомство өкілдері.
Баланы іздеуге 70-тен астам адам мен 18 бірлік құтқару техникасы жұмылдырылған. Арасында полиция қызметкерлері, еріктілер және жай ғана бейжай қарамайтын азаматтар бар.
Соңғы жаңалықтар





