"Бәрі ойдағыдай емес": Президентке бейнеүндеу жолдау - жүйенің бұзылғанының белгісі

25.07.2025 14:39
0
559
Коллаж: POLITICO.KZ (Сурет: Reuters, bureau.kz)

Евгений Жовтис: Президентке бейнеүндеу - жүйенің бұзылғанының белгісі

Президентке жолданған бейнеүндеулер жүйенің ақауының белгісі. Бұл туралы құқық қорғаушы Евгений Жовтис Жамбыл облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Нұрсұлтан Булатбековтің резонанс тудырған мәлімдемесі аясында пікір білдірді.

Құқық қорғаушының айтуынша, президентке тікелей үндеу жүйенің дұрыс жұмыс істемейтінінің белгісі. Бұл азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімсіздігін көрсетеді. Елде прокуратура, ҰҚК, ІІМ, ҚМА сияқты бірқатар құзырлы органдар бар. Заң үстемдігін солар қамтамасыз етуі тиіс.

Алайда адамдар үмітін үзген, әділдік таппаған соң, осындай қадамға барады. Бұл қоғам назарын аударуды көздейтін амал. Мұндай үндеулердің резонанс тудыруы мәселенің тереңде жатқанын білдіреді. Бұл тек бір адамның проблемасы емес, азаматтар өздері де осындай жағдайға тап болған немесе естіген.

– Президентке бейнеүндеу қоғамның назарын аудартудың амалы. Егер адам өз құқығын қорғау үшін жоғарғы билікке жүгінуге мәжбүр болса, онда елдегі әділдік жүйесі толыққанды жұмыс істемей жатыр деген сөз, – деді Жовтис.

Ол әсіресе оңтүстік өңірлерде жемқорлық пен әділдік мәселелері жиі байқалатынын атап өтті. Мысал ретінде Жамбыл облысында шартты түрде мерзімінен бұрын босату өте қиын екенін айтқан зерттеулерін еске салды.

«Бұл мемлекетке берілген белгі: бәрі ойдағыдай емес», - деп сипаттайды Евгений Жовтис .

Дереккөз: За нами уже выехали

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий