"Бәрінен таяқ жедім": Таразда баласын ұрған әйел шындығын айтты

05.02.2026 11:11 Мөлдір Талғат
307
Фото: видеодан скриншот

Таразда бұрынғы күйеуінен кек алу мақсатында өз баласын ұрды деп айыпталған әйел әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл видео желіде таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Келіншек желі қолданушыларының оны ана құқығынан айыруды талап етіп жатқанын айтып, ауыр психологиялық күйде болғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл жағдай ұзақ жылдарға созылған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары.

«Әкімшілік, ана құқығынан айыру керек деген түрлі пікірлер жазылып жатыр. Маған қатты қысым көрсетілді. Сол сәтте балкон терезесінен секіріп, өз-өзіме қол жұмсамақ болдым. Бұл жағдай мен үшін бірінші рет емес. Бұрын да күйеуімнен, қайын атамнан, қайын әпкемнен таяқ жегенмін. Ұлыма екіқабат кезімде тіпті асылып қалуға дейін барғанмын», — дейді ол.

Әйелдің айтуынша, ұзақ уақыт бойы көрген қорлық пен қысым оның психологиялық жағдайына қатты әсер еткен. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты қоғам пікірі екіге жарылып, желіде қызу талқылануда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий