«Басымызды жарып жібере жаздады»: Астанада терезеден шыны бөтелке лақтырғандар ұсталды

29.08.2026 14:27 Қарақат АСЫЛОВА
«Басымызды жарып жібере жаздады»: Астанада терезеден шыны бөтелке лақтырғандар ұсталды
316
Ашық дереккөз

Астанадағы «Сенатор» тұрғын үй кешенінің маңында үш жаяу жүргінші қауіпті жағдайға тап болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан су толтырылған шыны бөтелке құлап, жастардың жанына түскен.

Оқиға салдарынан бөтелке сынып, айналаға шыны сынықтары шашылған. Ал ауыр шыны ыдыс адамдардың біріне тиген жағдайда, соңы ауыр жарақатпен аяқталуы мүмкін еді.

Оқиғаның видеосын Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы жариялады. Кадрларда жерде жатқан шыны сынықтарын көруге болады.

Жазбаға полиция қызметкерлері де назар аударған. Сарайшық аудандық полиция басқармасы бөтелкені терезеден лақтырған адамды анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

«Құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау бойынша тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Астана полициясы мұндай әрекеттердің «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий