"Бавария" клубы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып жатыр
Мюнхеннің “Бавария” клубы “Қазақстан” мен семейлік “Елімай” клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып жатыр.Бұл туралы POLITICO.KZ хабарлайды.
Дереккөздердің хабарлауынша, Бундеслиганың гранд клубының скауттары Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы өткен матчта 22 жастағы футболшының ойынына жоғары баға берген.
Айта кетейік, бұл ойында Ғалымжан Кенжебек 2 рет гол соғып, дубль авторы атанған. Ал бір рет сәтті пас берген.
Сонымен қатар, оның осы ойындағы бір голы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турындағы үздік төрт голдың қатарына енген. Қазіргі таңда "Бавария" скауттары ойыншының мансабы мен әлеуетіне қатысты қосымша мәліметтер жинауға кіріскен көрінеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...