«Баймын, өзіммен мақтанамын»: Баян Алагөзова туған күнінде өзіне ерекше тілек арнады  

09.01.2026 12:27 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Баймын, өзіммен мақтанамын»: Баян Алагөзова туған күнінде өзіне ерекше тілек арнады  
0
512
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін қазақстандық танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова 52 жасқа толды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзін-өзі туған күнімен ерекше құттықтады.

Алагөзова парақшасына бірнеше фото мен видео жүктеп, өзін бақытты сезінетінін мойындады.

«Бақыт – осы сәтте! Мен махаббатқа өте баймын! Сүйгеннің сүйіктісімін! Мен біреудің қызбын, әйелімін, анасымын, әжесімін, әпкесімін, досымын, жетекшісімін! Анамды, күйеуімді, балаларымды, жақындарымды және достарымды жақсы көремін! Олар да мені жақсы көреді! Бақыт деген - осы, бақыт – ол қуанышты сәттерде! Қуанып қана ұйықтап оянамын. Бұл – менің еңбегімнің жемісі! Мен өзімді өте мақтан тұтамын. Өзімді туған күніммен құттықтаймын. Туған күнімде мен қуаныш, махаббат, мейірім, жасампаздық туралы, осы әлемді қалайша одан да әдемі етуге болатыны туралы ойлаймын! Туған күніңмен, менің сүйікті, сұлу, керемет Баяшам! Өмірдің бар қуанышы саған арналған», - деп жазды продюсер.

Алагөзованы танымал өнер иелері мен оқырмандары құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий