Белгілі асаба Ерке Есмахан туралы шындықты айтты

Белгілі асаба Ерке Есмахан туралы шындықты айтты
17.03.2025 14:14
0
53
tiktok.com/@nurkhan_kadirbaev

Белгілі актер, асаба Нұрхан Қадірбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Ерке Есмаханмен түскен суретін бөлісіп, оған "Еркені көтерген мен едім" деген жазба қалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл жазба көпшіліктің қызығушылығын тудырып, желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды.

Көпшілік әншінің өзгерген келбетіне назар аударып, "Ерке түріне ремонтты әдемі жасапты", "Еркенің клоны шығар, қазіргі Ерке басқа" деген пікірлер жазды. Кейбірі әзілге сүйеніп, "Еркенің еркелігін көтеру керек", "Саған біреу көтер деді ме?", "Райм жезде нешінші класта еді?" деп пікір білдірді.

Нұрхан Қадірбаев бұл суреттің 2004 жылы түсірілгенін атап өтті. Желі қолданушылары арасында ескі естеліктерді еске түсіріп, қызықты пікірталас тудырған бұл жазба кеңінен талқылануда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий