Белгілі кәсіпкер Кудрәт Шамиев ERG-дің Қазақстандағы құрылымын басқаратын болды

01.06.2026 16:54 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Белгілі кәсіпкер Кудрәт Шамиев ERG-дің Қазақстандағы құрылымын басқаратын болды
172
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Eurasian Resources Group (ERG) халықаралық минералды-шикізат корпорациясының Қазақстандағы активтерін 2026 жылдың маусым айынан бастап белгілі кәсіпкер әрі спорт функционері Кудрәт Шамиев басқарады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Eurasian Resources Group Топтың Қазақстандық периметріндегі басқару құзіреттері қайта қаралғанын хабарлайды. Осы шешімге сәйкес Қазақстандық периметрдің жетекшісі құзіреті Кудрәт Шамиев мырзаға сеніп тапсырылды. Ол «Еуразиялық Топ» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды», – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Кудрәт Шамиев деген кім?

1990 жылы 1 тамызда Алматы облысында дүниеге келіп, Малайзиядағы Азия-Тынық мұхиты технологиялар мен инновациялар университетінде халықаралық бизнес менеджменті мамандығын меңгерген жаңа басшының отандық және шетелдік компанияларда 12 жылдық басқарушылық тәжірибесі бар. Ол әр жылдары Hikmet Travel SDN Berhad, Altau Group, Mangosteen Development және «Найза-Құрылыс» сияқты мекемелерде түрлі лауазымдарды атқарған.

Қазіргі уақытта топ-менеджер Integra Construction KZ пен Kazakh Construction Group бақылау кеңестерінің төрағасы және италиялық Todini Costruzioni Generali SpA құрылыс фирмасы директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Ірі бизнестегі табысты мансабынан бөлек, мемлекет алдындағы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Кудрәт Шамиев отандық спорттың дамуына белсенді үлес қосып, 2024 жылдың қыркүйегінде Вячеслав Кимнің орнына Қазақстан таеквондо федерациясының президенті болып сайланды, сондай-ақ Ұлттық олимпиада комитетінің атқарушы комитетіне кіріп, халықаралық Altaic Taekwondo Union бірлестігін басқарады.

Войдите, чтобы оставить комментарий