Белгілі тележүргізуші бұрынғы әйелін сотқа беріп, 1,5 млн талап етіп отыр

Белгілі тележүргізуші бұрынғы әйелін сотқа беріп, 1,5 млн талап етіп отыр
15.04.2025 19:21
0
35
Фото: видеодан скрин

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваның үстінен Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына талап арыз түсірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат тележүргізушінің талап-арыз құжаттарынан белгілі болды.

Асхат Садырбай бұрынғы әйелі әлеуметтік желілерде – Instagram, TikTok, YouTube және Facebook парақшаларында ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттар жариялаған деп отыр.

Тележүргізуші әйелінің айтқан физикалық қысым көрсетті, бала үшін сотқа сүйреді, қорлық көрсетті деген мәліметтер шындыққа жанаспайды және жеке өмірге қолсұғушылық ретінде бағаланған.

Талап арызда Асхат Садырбай:

  • Жарияланған ақпараттарды жалған деп тануды,
  • Аудио-бейне кешірім сұрау жазбасын әлеуметтік желілерде жариялауды,
  • Жазбаша кешірім хатын жолдауды,
  • Және 1 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді талап етіп отыр.

Одан бөлек, кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін «Астарлы Ақиқат» бағдарламасының редакциясына жолдау да талап етілген.

Азаматтық іс 2025 жылдың 21 ақпанында қозғалған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы сотында қаралу үстінде. Тараптардан түсініктеме алынбады.

Ал Айғаным Қорабаева соттың ашық болғанын қалап отыр. Ол сот отырысына БАҚ өкілдері қатысуы керек деп есептейді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий