Белгілі журналист отбасылы еркектен жүкті болған әпкесін мақтаймын деп сынға қалды

 Белгілі журналист отбасылы еркектен жүкті болған әпкесін мақтаймын деп сынға қалды
21.04.2025 09:29
0
153
Фото: Видеодан кадр

Журналист, рэп орындаушы Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат болған әпкесін мақтаймын деп елдің сынына ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Жан Ахмадиевтың видеосы желіде тарады. Ол әпкесіне шетелдік азаматтар тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын айтты. Алайда әпкесі отбасылы ер адамнан екіқабат болып, қыз босанған. 

«Ол қыз қазақ болып қалады. Көрдіңіз ғой, қандай намыс, біздің қазақтың қанын былғағысы келмеді. Әйтпесе шетелдікке шығып, мүмкін бақытты болып кетер ме еді. Шетелдіктерге намысы жоқ қыздар тиіп жатыр деп ойлаймын», - дейді рэпер.

Жан Ахмадиев отбасылы ер адамның бастысы қазақ екенін айтып, ақтап алды. 

«Бастысы қазақ қой. Өйткені шетелге тиген қыздың баласы ешқашан қазақ болмайды», - деп жауап берді.

Желі қолданушылары оның бұл пікірін сынға алып, орынсыз сөз айтқанын алға тартты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий