"Белімнің сақинасы айналып кетті": Үкімет отырысында Дәулет Мұқаевтың денсаулығы сыр берді

14.10.2025 14:03
0
128

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Үкімет отырысында не себепті отыра алмағанын түсіндірді деп хабарлайды POLITICO.KZ

Халық қалаулысы Дәулет Мұқаев денсаулығының сыр бергенін айтты. 

“Депутаты болсаң, отырсаң – опақ, тұрсаң – сопақ боласың. Жұрт жарыса жіберіп жатыр. Айтайын, Үкімет отырысында әрең отырдым. Себебі біраз уақыттан бері белімде протрузия бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, әлде "грыжаға" айналды ма, білмеймін. Дәл қазір отырсам да, жатсам да белім қатты ауырып тұр. Үкімет сағатынан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын болмай, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың әсерімен әрең үйге жеттім. Мені сүйреп апарған көлік жүргізушісіне үлкен рақмет", – деді деп жазды депутат

Еске салайық, Дәулет Мұқаев "оптом" тұсаукесетінін жариялаған еді. Халық қалаулысы бір күнде бірнеше баланың тұсауын кесетінін жасырмай жүр.

"Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді", – дейді Мұқаев

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий