"Бес жұлдызды әке": Айқын Төлепберген Түркиядағы демалысқа барлық баласын бірге алып барды
3127
Әнші Айқын Төлепберген жаздың соңғы күндерінде Түркияға барып, отбасымен және қос некесінен туған барлық балаларымен бірге демалып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі ұлы Санжардың туған күнін демалыс барысында атап өткен. Желідегі жарияланымдардан оның бірінші некесінен туған балаларының да бірге жүргені байқалады.
Желі қолданушылары әншінің балаларын бөліп-жармай, бәріне бірдей көңіл бөліп жүргеніне ризашылық білдірді. Оқырмандар оның бұған дейін әр перзентіне пәтер алып бергенін еске алса, әнші пікірлердің бірінде жуырда қызы Аруға да баспана сыйлағанын растады. Мұны көрген желі оқырмандары Айқынды «бес жұлдызды әке» деп атады.
Сонымен қатар көпшілік балалардың арасын ажыратпай, татулықты сақтап отырған әншінің жары Жұлдыз Өмірғалидің де парасаттылығы мен даналығын ерекше бағалады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...