"Бесіктегі сәби де шетінеген": Алматы облысында газдан бір отбасы мүшелері көз жұмды
2205
Алматы облысы Сарыбастау ауылында бір отбасы қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Марқұмдар тауда мал бағып отырған. Таудағы үйде 70 және 47 жастағы ағайынды ер адам, інісінің әйелі мен баласы тұрғаны белгілі болды.
Туыстарының айтуынша, отбасы мүшелері ұзақ уақыт байланысқа шықпаған соң, үйге адамдар кіріп қараған. Ерлі-зайыпты төсекте жатқан, ал 70 жастағы ағасы бір балағын киіп үлгеріп, сол жерде құлап қалған. Нәресте бесік арбада болған.
Алдын ала болжам бойынша, отбасы пештен шыққан иіске уланып қайтыс болған. Марқұмдар бүгін жер қойнына тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
08:15
Каспийдегі трагедия екі бап бойынша тергеліп жатыр
25.09.2026
00:58
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты
25.09.2026
00:28
Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан...
24.09.2026
23:27
Балалар үйінің тәрбиеленушісін қорқытып, ақшасы...
24.09.2026
23:21
Шалқардағы қанды төбелес: ауылдасын өлтірген ст...
24.09.2026
22:47
Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың ...