Білім саласындағы жемқорлыққа Аймағамбетовтың қандай қатысы бар. Бейсембаев нені меңзеді?
564
Айта кетейік, соңғы уақытта Алматы немесе Түркістан облыстарындағы білім басқармасы немесе білім бөлімінің басшылары жүздеген миллион теңгенің жемқорлығы бойынша ұсталып жатыр. Тіпті, олардың ішінде өз-өзіне қол жұмсаған адамдар бар.
Білім саласындағы жемқорлық балаларға сапалы білім беруге кедергі келтірмей ме? Бұл мәселеде өзіңізді айыптымын деп есептемейсіз бе, деген тілшілердің сұрағына министр оқу-ағарту мен жемқорлық сәйкес келмейтін ұғымдар екенін айтты.
"Сол бағытта жол картасы әзірленді, бірнеше рет мектеп және білім басқармасы мен білім бөлімі басшыларымен көптеген кездесу, семинарлар өткіздік. Сондықтан да қазір көп анықталып жатқан жағдайлар яғни, 2020 жылдан бастап жіберілген қателіктер шығып жатыр. Бұл біздің бірлескен жұмысымыз. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс, тазалық болуы керек. Сондықтан бұл бағытта барлығымыз бірлесе жұмыс істеуіміз керек", - деді Ғани Бейсембаев.Сондықтан ведомство былтыр сыбайлас жемқорлық агенттігімен бірлесе отырып, осы салдағы мәселелерді толыққанды зерттеуге кіріскенін атап өтті. Сондай-ақ, ол саладағы жемқорлық бұрынғы басшылықтың тұсында болғанын меңзеп қалды. Айта кетейік, 2019 жылдан 2023 жылдың 4 қаңтарына дейін бұл ведомствоны Асхат Аймағамбетов басқарған.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
12:56
«Інілерімді қимай жүрегім ауырып тұр»: Димаш Құ...
25.09.2026
12:46
Каспийдегі трагедия бойынша күдіктілердің әрек...
25.09.2026
12:33
Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің дене...
25.09.2026
12:27
Каспийдегі трагедия: Тоқаевқа кімдер көңіл айтты?
25.09.2026
12:03
Дәрет сындырған видео: полиция шетелдік турист ...
25.09.2026
11:24
Каспийде көз жұмған әскерилердің жақындарына кө...