«Бір әнмен көтеріліп кетті»: Bayansulu қазақтарға ренжігенін айтты
Көпшілікке танымал әнші Bayansulu Kezdesu YouTube арнасына сұхбат беріп, соңғы кездері өзінің халық арасында қалай қабылданатыны туралы ойын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, белгілі бір сәтте қазақ қауымы оның бір әніне ғана көңіл аударып, басқаларын елемегендей әсер қалдырған.
«Менің ренжігенім Қайрат пен Интердің ойыны шықты ғой. Сол кезде пікірде өзіміздің қазақтар ғой, бір әнмен көтеріліп кетті ме деп жазды. Қазірге дейін сөйтіп айтады. Бір әнмен сонша неткені нес. Бір әнім емес, бес әнім бар. Оның үшеуі хит. Құдай қаласа, тағы да хиттер болады деп ойлаймын», – деді әнші.
Bayansulu халықтың кейбір реакцияларына көңілі қалғанын жасырмады, алайда оған ризашылық білдіргендерге алғысын жеткізді:
«Өзіміздің қазақтар кейде артқа тарта береді. Басқа да әншілер бар ғой бізде деп айтып жатыр. Неге қуана салмасқа? Бір видео өтті кетті ғой. Бірақ жақсы жазып жатқандар да көп. Оларға көп рахмет».
Әншінің бұл пікірі желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік оның өзін-өзі бағалауы мен өнерін сүйетін қауымға деген ашық пікірін жылы қабылдады.
Соңғы жаңалықтар