«Бір күнде 200-ден астам адам халыққа көмек көрсетуге шықты»: оралдық «Дала қырандарына» 1 жыл толды (ВИДЕО)

«Бір күнде 200-ден астам адам халыққа көмек көрсетуге шықты»: оралдық «Дала қырандарына» 1 жыл толды (ВИДЕО)
23.10.2025 13:20
0
50

«Дала Қырандары» Орал қаласы өңірлік штабына бір жыл толды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

2024 жылдың наурызында Батыс Қазақстанды су басқанда, Астанадан барған қырандар мен Оралдың белсенді жастары бір мақсатпен бірікті.

Бір күннің ішінде 200-ден астам адам жиналып, халыққа көмек көрсетуге шықты. Сол сәттен бастап «Дала Қырандары» Орал штабы дүниеге келді.

Ол кезде бұл жай ғана еріктілер тобы еді. Ал бүгінде өз қырандары, бағыттары мен нақты істері бар толыққанды штабқа айналды.

Оралдағы қырандар бір жыл ішінде үлкен жұмыс атқарды, қиын сәтте көмек берді.

Атап айтқанда, «Сатқындар» науқаны аясында жүздеген рейд өткізді. Орал қаласы бойынша 1000-нан астам есірткі жарнамасын жойды, заңсыз ішімдік сату фактілерін анықтады, 2000 литрден астам суррогат алкоголь тәркіленді.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий