«Бірнеше жерден тікті»: Салтанат Бақаева шұғыл мәлімдеме жасады

«Бірнеше жерден тікті»: Салтанат Бақаева шұғыл мәлімдеме жасады
18.10.2025 10:08
0
392
Ашық дереккөз

Танымал актриса әрі әнші Салтанат Бақаева аз уақыт ішінде қалай салмақ тастағанын айтты. Өнер иесінің айтуынша, ол жақ тісіне жасалған отаның салдарынан біраз уақыт тамақ іше алмай, сол арқылы арықтаған.

«Көптің сұрауы бойынша қалай азғанымды айтқым келіп отыр. Жақында тісіме ота жасатқан едім. Дәрігерлер кескен жерін лескамен тіккен болатын. Леска үшкір ғой, ауыздың нәзік терісіне тиіп, пышақ тигендей ауыртты. Соның салдарынан жарты ауызым стоматит болып, 10 күндей тамақ іше алмадым. Сондықтан, қыздар, арықтаудың ең “тиімді” жолы — мүлде тамақ ішпеу екен», — деп әзілмен бөлісті Салтанат Бақаева.

Актрисаның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, кейбірі оның шыдамдылығына риза болса, енді біреулері денсаулыққа байланысты салмақ тастауға тура келгеніне алаңдаушылық білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий