«Бишімбаев 2»: Әйел бұрынғы полиция басшысының ұлын өзін аңдып, өлтіремін деп қорқытты деп айыптады

«Бишімбаев 2»: Әйел бұрынғы полиция басшысының ұлын өзін аңдып, өлтіремін деп қорқытты деп айыптады
15.09.2025 09:31
0
344
Сурет Томирис Нұрмағамбетованың Instagram парақшасынан

Томирис Нұрмағамбетова есімді әйел әлеуметтік желіде үндеу жариялап, күйеуі Әнуар Арманұлы Нұрмағамбетовтің бір жыл бойы өзін аңдып, өлтіремін деп қорқытып келе жатқанын мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, күйеуінің әкесі – бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, күйеуі Әнуар Нұрмағамбетов оның пәтеріне заңсыз кіріп, ішінде күтіп отырған. Кейін күндіз шабуыл жасап, көлігін тартып алған. Осыдан кейін Томирис полиция бөлімшесіне арыз жазуға бара жатқанын хабарлады.

«Ол бір жыл бойы мені аңдып, өлтіремін деп қорқытып келеді. Бірнеше рет қол жұмсады, сол себепті мен Павлодардан көшіп кетуге мәжбүр болдым. Мен бұл заңсыздыққа шыдаудан шаршадым, еліміз өз «қаһармандарын» танысын!» – деп жазды ол.

Бойжеткен күйеуін «Бишімбаев 2» деп атап, оның бұрын сотта жұмыс істеп, өз лауазымы мен таныстарын пайдаланғанын айтады. Оның сөзінше, күйеуі бір жылдан бері ажырасуға келіспей, қорқытып, бопсалап келеді.

Дереккөздердің хабарлауынша, Томирис Қанатқызы Нұрмағамбетованың өзі де Павлодар қаласы ҰҚКД бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерінің қызы болып табылады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий