"Біз – Владимир Путиннің пайдалы ақымақтарымыз" – Украинада соғысқан америкалық ерікті Нейт Вэнс

Техас тұрғыны Нейт Вэнс үш жыл бойы Украинада әскери қызметте болып, екі жарым жылын майдан даласында өткізген. Ол АҚШ-тың Украинаға деген қазіргі саясатына көңілі толмайтынын және АҚШ-тың бұл қақтығыста Ресейге ойланбай жеңілдік жасап отырғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Le Figaro деректеріне сүйене отырып.
Техастық Нейт Вэнс Украинада үш жыл болды, оның екі жарым жылын ең ауыр шайқастарда өткізді. Соғыс даласынан оралғаннан кейін ол Дональд Трамп пен өз туысы Джей Ди Вэнстың Украинаға қатысты ұстанымына көңілі толмай қалғанын жасырмайды.
2025 жылдың қаңтарында Украинадан АҚШ-қа оралған Нейт көлігінде жүріп, туысы Джей Ди Вэнстың АҚШ Президенті Владимир Зеленскийге Ақ үйдегі Овальдық кабинетте шабуыл жасағанын естігенде ашуланғанын айтады.
"Менің туысым осындай қадамға барды дегенге сене алмадым", – дейді Нейт.
Нейт 47 жаста, ал Джей Ди одан сәл кіші. Нейт бұған дейін туысының шыншылдығын үнемі қорғап келген: "Джей Ди – ақылды, жақсы жігіт". Бірақ ол Украинаға көмекке қатысты сын айтқанында, мен бұл оның саяси мансабына байланысты деп ойладым. Дегенмен Зеленскийге қарсы жасаған әрекеті мүлдем әділетсіз болғаны мені қынжылтты."
Олардың туыстығы бір әже-бабадан тарайды: Джей Дидің анасы Беверли – Нейттің әкесі Джеймстың қарындасы. 2024 жылы Джей АҚШ-тың 50-ші вице-президенті болып тағайындалды. Сол кезде Нейт Украинадағы майданға аттанып, ластанған окоптарда орыстарға қарсы соғысқан.
"Отбасымнан біреу Украинаға қарсы сөз айтып, достарымның өліміне себепкер болуы мүмкін деп елестету маған өте ауыр", – дейді Нейт Вэнс.
Өз туысының уәждеріне қарсы шығып, ол АҚШ-тың майданда американдық техниканы қолдану арқылы қақтығысқа қатысуының пайдасын да атап өтеді. "Менің көңілім қалды" деген сөзді ол бірнеше рет қайталайды.
"Джей Ди Зеленскийге сенбейтінін "есептерімен" түсіндіргенде, менің жүрегім қысылып кеткендей болды", – дейді Нейт. "Мен оған шындықты жасырмай, бетке айтып бере алатын едім. Бірақ ол көбірек білгісі келмеді".
Нейт бірнеше рет туысымен байланысуға тырысқан. "Украинада жүріп, сенатормен сөйлесу оңай емес, бірақ мен оның кеңсесіне хабар қалдырдым. Дегенмен ешқандай жауап ала алмадым" дейді ол.
Нейт Вэнстың әскери қызметі – Украинадағы қақтығыстың тірі шежіресі. Ол ең өлім-жітім көп шайқастарға қатысқан: Купянск, Бахмут, Авдеевка, Покровск... Оның үш жылдық қызметін растайтын бірнеше сурет бар, онда Нейт нағыз кәсіби әскери адамның байсалды да сенімді кейпін көрсетеді.
Қаңтар айында ол қаруын қоюға шешім қабылдаған. Бұл әрекетіне туысының вице-президент қызметіне ант беру сәті де себеп болған сыңайлы.
"Мұнда қалу қиын еді. Тұтқынға түсу қаупі жоғары болды", – дейді Нейт.
Нейт Вэнстың украиналық еріктілер батальонына қосылып, орыс әскеріне қарсы соғысуына ешкім мәжбүрлеген жоқ. Расында, ол жас кезінде Теңіз жаяу әскерінде төрт жыл қызмет еткен, бірақ ол 20 жыл бұрын болған оқиға.
2001 жылдан 2022 жылға дейін Нейт Техас штаты Сан-Антониода қарапайым өмір сүрді. Мұнай компаниясында жұмыс істеп, қызметтік сатымен жоғарылаған. Әлеуметтік желідегі парақшасынан оның берік республикашыл көзқараста екені, сондай-ақ аңшылық пен атыс спортына қызығатыны байқалады.
2022 жылы Украинада соғыс басталғанда, Нейт "бұл қақтығыс басқаларынан ерекше" екенін бірден түсінген. "Мен барып өз көзіммен көргім келді. Бәлкім, қызығушылық пен шытырман оқиғаларды қалаймын. Оны мойындау оңай емес, бірақ шындығы сол", – дейді ол.
Сол жылдың наурызында Нейт Львовқа аттанды. Ол кезде қала халықаралық гуманитарлық көмек орталығына айналған еді.
"Мен қандай да бір жолмен көмектескім келді – логистика болсын, медициналық қолдау болсын. Көз алдымда тарих жазылып жатты, мен соның бір бөлігі болғым келді" дейді ол.
Бір күні қонақүйде бұрынғы теңіз жаяу әскерінің тәжірибесі бар шетелдіктерді іздеп жүрген британдық волонтермен танысады. Ол кезде украин әскері аптасына мыңдаған жаңа жауынгерді қабылдап, қысқа мерзімде оқытып, майданға жөнелтіп жатты.
"Олар қолына қару ұстай алатын кез келген адамды іздеді. Бұл өте бастапқы деңгейдегі жылдам дайындық еді" деп еске алады Нейт. Оның қоластына жұмысшылар, бармендер, мұғалімдер сияқты әртүрлі мамандық иелері жиналған. Олардың даярлығы небәрі бір аптаға созылды. "Көпшілігі тіпті бала сияқты көрінді, бұл қорқынышты жағдай еді", – дейді бұрынғы әскери.
Сөйтіп, майданға баруға ынталы жас еріктілердің талпынысын көрген Нейт олардың ұсынысын қабылдайды. АҚШ-қа бірер аптаға қайтып барып, маусымда қайта оралып, Донбасста қызметін жалғастырған.
"Ол біздің қатарымыздағы ең ересек адам еді, тіпті басқа шетелдік еріктілерге қарағанда да әлдеқайда үлкен болатын" дейді "Волки да Винчи" батальонында бірге соғысқан Дима.
Екі жарым жыл бойы Нейт "Волки да Винчи" жауынгерлерімен бірге өмір сүрді. Бастапқыда тек көмекші міндеттерді атқаратын еріктілер бөлімшесі уақыт өте келе күрделі әскери тапсырмалар алатын толыққанды әскери отрядқа айналды.
"Қазір біз шабуыл бөліміміз. Біздің міндетіміз – жаудың позицияларына шабуылдау немесе оларды қорғау" дейді батальон командирі Сергей Филимонов. "Мен Еуропадағы теңіз жаяу әскерінде қызмет еткенде бұлай болмаған. Бұл – мүлде бөлек тәжірибе" деп күледі Нейт.
Бүгінде Нейт майданнан кетіп, әскери естеліктерін кітап етіп шығаруға баспагер іздеуде.
"Мен Украинаны басқа жолмен қорғай бергім келеді, себебі оған сол қажет" дейді ол.
Өзін өмір бойы республикашыл санаған Нейт қазір бұрын келісіп келген ортадан қолдау таппай жүр. Тіпті өз отбасында да түсініспеушілік туындаған. Мәселен, Facebook желісінде оның анасы Донна Джей Ди Вэнстың Владимир Зеленскийді жақтырмайтын әңгімесін қайталап, президентті "менмен кішкентай құр" деп атаған.
АҚШ-тың Батысын көлікпен шарлап жүрген Нейт бүгінгі саяси ахуалға мүлде көңілі толмайтынын, Трамп пен өзінің туысы Ресей президенті Владимир Путинді жеңдік деп ойлап, қателесіп жүргенін ашық айтады.
"Орыстар біздің Украинаға көрсеткен көмегімізді ешқашан ұмытпайды. Біз Владимир Путиннің пайдалы ақымақтарымыз" дейді ол.
Соңғы жаңалықтар





