Бизнесвумен сотта Головкиннің қолғаптарын қалай 10 миллион теңгеге сатып алғанын айтты

Бизнесвумен сотта Головкиннің қолғаптарын қалай 10 миллион теңгеге сатып алғанын айтты
Алматыда өтіп жатқан Перизат Қайрат бойынша сот процесінде кәсіпкер әйел Геннадий Головкиннің қолғаптарын қайырымдылық аукционнан қалай сатып алғанын баяндады. Оның айтуынша, 2021 жылдың қарашасында Sheraton қонақүйінде өткен іс-шара балаларға арналған оңалту орталығын салуға қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған.
Кәсіпкер аукцион туралы Instagram арқылы білген. Ұйымдастырушылар қайырымдылық шарасы өтетінін, жиналған қаражат реабилитациялық орталыққа жұмсалатынын хабарлаған. Сол кеште оның компаниясы әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің қолғаптарын 10 миллион теңгеге сатып алады.
"Біз қайырымдылықпен белсенді айналысатынбыз. Ол кезде мұндай жобаны қолдау дұрыс шешім деп ойладық", – деді кәсіпкер сот залында.
Ақша BIZ BIRGEMIZ қорының ресми есепшотына банктік аударым арқылы аударылған. Ол кезеңде аталған қор мемлекеттік жоба ретінде қабылданған. БАҚ беттерінде қордың Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылғаны жайлы ақпараттар тараған. Сондықтан кәсіпкер еш күмәнданбағанын жеткізді. Алайда ол ақшаның кейін қайда, қалай жұмсалғанын қадағаламағанын да мойындады.
Сот отырысы барысында айыпталушы Перизат Қайраттың қорғаушысы кәсіпкерге ерекше сипаттағы сұрақ қойды:
— Сіз Головкиннің қолғаптарына жұмсаған ақшаңызды Перизат Қайраттан қайтаруды сұрап отырсыз ба?
— Жақсы, мен қолғаптарды қайтарайын, ал сіз маған ақшамды қайтарыңыз.
— Қолғаптарды кімге қайтарасыз?
— Сатқан адамға... Мен бұл ақшаны қолғап үшін емес, балаларға арналған орталық үшін қайырымдылық ретінде бердім. Бұл – қайырымдылық еді.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: SHYNDYK
Соңғы жаңалықтар





