Болат Назарбаевтың ұлы өгей шешесімен соттасып жатыр

07.11.2025 12:11 Әсел Мұрат
Болат Назарбаевтың ұлы өгей шешесімен соттасып жатыр
0
185

Марқұм Болат Назарбаевтың жесірі Динара Кемелханова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Нұрбол Назарбаевқа қарсы жеке айыптау шағымын түсірген, деп хабарлайды POLITICO.KZ Centralmedia24-ке сілтеме жасап.

Centralmedia24-тің жазуынша, Алматы облысы Қарасай аудандық сотында Нұрбол Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 131-бабы, 2-бөлігі («Бұзақылық сипаттағы балағаттау») бойынша айып тағылған.

Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың 28 желтоқсанында Динара Назарбаева мессенджер арқылы пасындықтан дауыс хабарламасын алған. Оның айтуынша, хабарламада өз ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, бейәдеп сөздер айтылған.

Динара Кемелханова — Болат Назарбаевтың төртінші ресми жұбайы. Күйеуі қайтыс болған соң ол некеде бірге жинаған мүліктің жартысына (1/2 үлесіне) құқық бар екенін айтып, өз үлесін талап етіп жүр.

Қазір сот бұл істі жеке айыптау тәртібімен қарап жатыр.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий